Мекен-жайы: 050000 Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 83 «ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті» +++ РММ ҚР ҚМ Қазынашылық комитетіндегі БСН-і 000940001129 ЖСК-сы KZ92070101KSN0000000 Астана қ. БСК-сы KKMFKZ2A Коды 11 +++ Тел.(факс) 8(727) 279-45-23 (Кеңсе) +++ 8(727) 279-45-36 (Сенім телефоны) +++ Электрондық мекен-жайы: dk.almaty@minfin.gov.kz

Қазынашылықтың құрылу тарихы

Қазынашылықтың құрылу тарихы

1994 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің 27.01.2004ж. №1526 «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылығын құру туралы» Жарлығымен қаржы ресурстарын басқаруды жетілдіру және мемлекеттік бюджеттің атқарылуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қаржы министрлігінің жанынан Қазынашылықтың Бас басқармасы құрылды.

Қазынашылықты Қаржы министрінің бірінші орынбасары, Қазынашылықтың Бас басқармасының бастығы М.К.Ауанов басқарды.

Президенттің 1995 жылдың 13 қазанындағы №245 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымдарын жетілдіру туралы» Жарлығымен Қазынашылықтың Бас басқармасы негізінде ҚР ҚМ жанынан Қазынашылық құрылды. 1995 жылдың 6 қарашасында ҚР Қаржы министрінің орынбасары, ҚР ҚМ жанындағы Қазынашылықтың бастығы болып С.М.Мыңбаев тағайындалды.

Алматы қаласының қазынашылық жүйесінің құрылуы 1996 жылдың 3 маусымына жатады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1995 жылдың 7 ақпанындағы «ҚР ҚМ Қазынашылықтың облыстық басқармаларын құру туралы» бұйрығының негізінде штаттық саны 40 адамнан тұратын Алматы қалалық қазынашылық басқармасы және 5 аудандық өкілдері құрылды.

1996 жылдың маусым айында ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен басқарма бастығы қызметіне Сатқалиева Валентина Адамовна тағайындалды.

Қалалық қазынашылық басқармасының негізін қалаушылардың басында В.А.Дунаева, Л.Т.Смагулова, Г.Ә.Өтегенова, Г.Ж.Ермекбаева, О.Н.Гетьман, Л.С.Байгондинова, Г.Т.Кәрібаева, А.М.Рябовалар болды.

1997 жылдың 30 қазанында ҚР Үкіметінің №1466 «Мемлекеттік Бюджет банкісін тарату туралы» Қаулысы қабылданды, ал оның өкілеттіктері мен барлық қызметтері Қазынашылық басқармасына өткізілді.

1998 жылдың қыркүйегінде ҚР ҚМ Қаржы бақылау комитетінің таратылуына байланысты оның да барлық қызметтері қалалық басқармаға тапсырылды.

1998 жылдың 18 желтоқсанынан бастап Алматы қалалық қазынашылық басқармасы бастығының міндетін атқару Вера Александровна Дунаеваға жүктелді (ҚР ҚМ-нің 24.12.1998ж. №Л-2192 бұйрығы).

1999 жылдың 23 қыркүйегінен бастап 2008 жылдың 18 наурызына дейін В.А.Дунаева Алматы қаласының Қазынашылығын басқарды.

2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қалалық қазынашылық басқармасы Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті болып қайта құрылды.

ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 24 сәуіріндегі №387 «ҚР ҚМ кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес аудандық бөлімдер аудандық басқармалар болып қайта құрылды.

2008 жылдың 19 наурызынан бастап Департаментті Меңдіғали Асылханұлы Рақышев басқарып келеді.

Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті болып жатқан өзгерістерге қатысты икемді әрі баламалы әрекет жасап қана қоймай, ҚР Үкіметі қойған міндеттердің атқарылуына да бірталай үлес қосып отыр.

Егеменді Қазақстанның артында алматылықтардың да әл-ауқатының жақсаруы тұрған экономикалық саясат жүргізуіндегі жауапкершілікті сезініп, Қазынашылық қалалық басқарма жүйесінің маңызды тетігі бола отырып, өз қызметін одан әрі жетілдіру, әкімшілендіру сапасын жақсарту бойынша ізденіспен жұмыс істеуде.

Сауалнама

Департамент пен мемлекеттік мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілер арасында "Қазынашылық - клиент" АЖ электрондық құжат айналымын енгізудің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды азайтуға ықпалы болды ма?